Жастарға берілетін несиеге өтінім қабылдау басталды

Жаңалықтар
13.04.2023, 13:49
Жастарға берілетін несиеге өтінім қабылдау басталды

Биыл Шымкентте 261 жасқа жеңілдетілген несие беріледі. Ол үшін республикалық бюджеттен 1, 305 млн. теңге бөлініп отыр. Шағын несиелер агронесие корпорациясы арқылы үлестіріледі. Қазір Шымкенттің жұмыспен қамту орталығы үміткерлерден өтінімдер қабылдап жатыр.

Шағын несиелер 5 жылға дейінгі кәсібі бар жастарға беріледі. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Несие сомасы: 5 млн теңгеге дейін. Сыйақы мөлшерлемесі 2,5%. Ал, малшаруашылығымен айналысатын азаматтарға несие 7 жылға беріледі.

Шарт бойынша несие кепілмүлікпен қамтылуы міндетті. Оған жылжымайтын мүлік немесе арнайы техникаларды да қоюға болады. Кепілзат болмаған жағдайда кепіл беруші ретінде туыстарын тартуға да болады.

Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезеңі қарастырылған. Үміткерлер өздерінің бизнес-жобасын комиссия отырысында таныстырады. Неғұрлым болашағы бар жобалар таңдалады. Жоба өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, әлеуметтік маңызға ие болғаны ләзім. Нақты іс-қимыл жоспарларына да мән беріледі. Ал, қаржы сәуірдің соңына таман беріле бастайды.

Сұхбат

PhotoRoom