Қоқыс жәшіктері жаңартылып жатыр

Жаңалықтар
13.04.2023, 13:52
Қоқыс жәшіктері жаңартылып жатыр

Тұран ауданы аумағындағы орталық көшелерде орналасқан қоқыс жәшіктерін жаңарту жұмысы басталды. Қала көркін ажарландыру мақсатында іске асырылып жатқан бұл жұмыстар – Қонаев даңғылы мен Байтұрсынов көшесінен басталды.

Сонымен бірге Асанбай Асқаров, Бауыржан Момышұлы, Мангельдин көшелері мен Республика, Рысқұлов даңғылына, Темірлан тас жолы бойына барлығы 300 жаңа қоқыс жәшіктері орнатылады. Қазіргі уақытта жұмыстар рет-ретімен атқарылып жатыр, - дейді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сұхбат

PhotoRoom