Шымкентте өлім-жітім 35 % азайған

Жаңалықтар
13.04.2023, 14:04
Шымкентте өлім-жітім 35 % азайған

Шымкентте өлім-жітім 35 пайызға азайыпты. Бұл былтырғы мәлімет. Ана мен нәрестенің өлім құшу фактілері де бұрынғымен салысытырғанда төмендегенге ұқсайды. Бұл туралы Шымкентке іссапармен келген ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты.

 

Шымкентке Президенттің тапсырмасы бойынша сараплап келген вице-министрі алдымен қаладағы бірқатар медициналық нысанды аралады. Онкологиялық орталықтың, №2 қалалық аурухананың, №1 емхананың жұмысымен танысты. Қала тұрғындарымен және азаматтық сектормен кездесу өткізді.

 

Тұрғындар тарапынан, медициналық мамандар жақтан сұрақтар түрліше болды. Халық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша мәселе бар екенін жеткізде, мед.қызметкерлер жалақыларының әлі де мардымсыз екенін айтып отыр. Вице-министрдің сөзінше күн тәртібінде тұрған проблемалар орнымен шешіліп жатыр. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 4,6 млрд. теңге, стационарлық көмек үшін 4 млрд. теңгеге жуық дәрі-дәрмек сатып алынған. Ал қызметкерлер жалақысы биыл жыл басында көтерілген болатын.

 

Ал, жалпы Шымкентте медицина дамып келеді. Қанайналым жүйесі ауруларынан өлім-жітім 21%-ға, обырдан-10%-ға, тыныс алу ағзаларының ауруларынан және туберкулезден өлім-жітім 47%-ға азайған. Сондай-ақ, онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік болған кезде тексеру мен емдеуді жеделдету үшін «Жасыл жол» енгізілді, оның шеңберінде онкологиялық ауруға күдігі бар пациенттер 18 жұмыс күні ішінде консультация алады және тексеріледі. 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2026 жылға дейін экстракорпоралдық ұрықтандыруға жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылды. Осы бағдарламаның шеңберіне 2022 жылы қалада 413 квота бөлінді, 214 әйел жүкті болды, бүгінде 90 отбасы бала сүю бақытына ие болды.

Сұхбат

PhotoRoom