35 жасқа толмаған азаматтар тұрғын-үймен қамтылады

Жаңалықтар
14.04.2023, 14:11
35 жасқа толмаған азаматтар тұрғын-үймен қамтылады

Бұдан былай 35 жасқа толмаған азаматтар тұрғынүймен қамтылатын болады. Бастама «Жастарды жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында қолға алынбақ. Ал, жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз берілетін пәтерлердің мерзімі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқарып отыр. Бұл туралы қалалық тұрғынүй басқармасының басшысы арнайы баспасөз брифингісінде мәлімдеді.

Биылдан бастап 35 жасқа толмаған азаматтар жастар саанатына жатқызылады. Осының негізінде тұрғынүйге кезекке тұруға өтініш қабылданып жатыр.

Жанат Өтебаева

Шымкент қалалық тұрғынүй басқармасының басшысы

- Жастар бойынша конкурсқа өтінімдер өңдеу, келісім-шартқа тұру жұмыстары толықтай электронды нұсқада жүргізіледі. Бұл бойынша Шымкент қаласында құжат қабылдау әлі басталған жоқ.

Бұдан өзге, «Отбасы банк» арқылы «Qamkor» бағдарламасы жүзеге аспақ. Жоба мемлекеттік қызметкер санатына жатпайтын мамандарды баспанамен қамтуға күш салады.

 

Сұхбат

PhotoRoom