Басты мақсат - қауіптің алдын алу

Жаңалықтар
14.04.2023, 14:15
Басты мақсат - қауіптің алдын алу

Газ қондырғыларын дұрыс пайдалану үлкен қауіптің алдын алады. Әр тұрғынның қол телефонына газ қауіпі жайлы арнайы хабарлама келседе қалада қайғылы оқиғалар азаймай тұр. Бір ғана еңбекші ауданында биылғы жылыту маусымында 2 адам газдан уланып көз жұмған. Қалада халыққа түсініктеме жұмыстары жалғасуда.

 

Бұл жолғы түсініктеме жұмыстарына Шымкент қаласының Еңбекші ауданының прокуратурасы мұрындық болған. Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының, Шымкент қаласы Жастар ресурстар орталығының еріктілері мен аудандық әкім аппараты түгел көшеге шықты. Қаіпті көзбен көріп жүрген аудандық төтенше жағдайлар басқармасы, үй ішілік техникалық қызмет көрсетуші мекемелердің қызметкерлері және «ҚазТрансГаз Аймақ» мекеме қызметкерлерімен бірлесіп, Еңбекші ауданы, 11 мөлтік ауданын аралады.

 

Қала тұрғындарына газ жабдығын пайдалануда улы газбен уланудың алдын алу және техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Үй ішілік газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуші мекемелермен келісім-шарт жасауға міндеттілігі баяндалды. Келісім-шарт көптеген мәселенің алдын алады.

 

Қазіргі таңда, қала тұрғындары табиғи газдың техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан әр түрлі деңгейде улану жағдайлары тіркелуде. Бұл профилактикалық жұмыстың мақсаты қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі және газға деген жауапкершілікті арттыру. Қазіргі уақытта табиғи газ халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды тұтыну ресурстарының бірі болып табалады.

Сұхбат

PhotoRoom