ҚР хоккей федерациясының кубогы

Жаңалықтар
17.04.2023, 14:21
ҚР хоккей федерациясының кубогы

ҚР Хоккей федерациясыны кубогына талас жалғасып жатыр. 4 кезеңде Шымкенттің «Торнадо» командасы мен петропавлдық «Құлагер» хоккейшілері кездесті.

Шайбалы хоккейден 2008 жылы туған жасөспірімдер арасындағы турнир 6 күнге созылды. Елдің түкпір-түкпірінен 8 командадан 157 спортшы қатысты. Астана, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Өзбекстанның Ташкент қаласынан да өспірімдер кубокқа таласты.

Қорытынды кезеңде Шымкенттік «Торнадо» командасы үздік атанса, екінші орынды Петропавлдан «Құлагер» иемденді. Үздік үштікті астаналықтар қорытындылады. Үздік сұрмерген, бомбардир, қорғаушылар да анықталды.

 

Сұхбат

PhotoRoom