6 триллион теңге инвестиция құйылады

Жаңалықтар
17.04.2023, 14:23
6 триллион теңге инвестиция құйылады

Шымкент инвестиция тартудан әлі көш бастап тұр. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлап отыр. Алдағы 5 жылда шаһарға 6 триллион теңге инвестиция тартылады.

 

2023-2024 жылдары Шымкентте жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар кеңейеді. Өндірістік қуатты ұлғайтуға және жаңа зауыттар ашуға 22 инвестициялық жобаны жүзеге асырылады екен. Сондай-ақ Шымкенттегі «Бозарық» және «Жұлдыз» индустриалдық аймақтары республикалық мәртебе алатыны белгілі болды. Шаһарға қаражат құюға ынталы кәсіпкер көп. Бұл фактор жаңа кәсіпкерлік аумақтардың ашылуына түрткі болып отыр. Президенттің Шымкентті Оңтүстіктегі логистикалық хабқа айналдыру тапсырмасы күн тәртібінен түскен жоқ. «Жұлдыз» индустриалық аймағы қосымша 155 гектарға, ал сауда-логистикалық орталықтың аумағы 136 гектарға кеңейтілді. «Бозарық» аумағы тамақ өнеркәсібіне бағытталатын болады. Шымкент қаласының әкімдігі кәсіпорындар тұжырымдамасын әзірлепті. Олардың қоршаған ортаға әсері де алдын ала бағаланады. Бұл инфрақұрылымды салу үшін республикалық бюджеттен тікелей қаражат тартуға мүмкіндік береді. Осылайша, индустриалды аймақтар республикалық статусқа ие болады.

 

Лаура Сарман

Сұхбат

PhotoRoom