Бәйдібекте үшем дүниеге келді

Жаңалықтар
18.04.2023, 14:25
Бәйдібекте үшем дүниеге келді

Аудан тарихында алғаш рет туылған үшемдер бүгін перзентханадан сән-салтанатымен шығарылды. Ерте туылған нәрестелердің тез дамуына шымкенттік ақхалаттылардың қосқан үлесі орасан. Тілші бейнематериалында толығырақ.

 

Гүлден Сағатбекова – 28 жаста. Жас ана құрсағындағы сәбидің үшем екенін жүктіліктің 9-аптасында білген. Қобалжу, толқумен қатар, потологиялық өзгерістерді жылы қабылдаған. Алайда, нәрестелерін мерзімінен бұрын босанып, едәуір қиындыққа тап болған.

 

Гүлден Сағатбекова

жас ана

- Алғашында өте қиын болды. Мен осы балаларды қалай болар екен деп уайымдадым. Қазір шүкір бәрі жақсы қуаныштымын.

 

Үшемдердің кіндік қаны ата-анасының ауылына тамған. Жедел ота арқылы Бәйдібекте дүниеге келген ұлдардың алғашында салмағы тым аз болған. Сондықтан 1 аптадан соң Шымкент қаласындағы перзентханаға ауыстырылған.

 

Дәрігерлердің біліктілігі мен құрылғылардың қолжетімділігі нәрестелердің салмақ жинауына көмек берді. Арнайы аппаратта тыныстап, ұдайы ақхалаттылардың бақылауында болды.

Эльмира Қожахметова

Түркістан облысы №2 перинаталдық орталығының бас дәрігері

- Бізде Гүлден балаларымен 42 күн осында болды. Біз жас анаға балаларға қалай күтім жауа керектігін үйреттік. Балалар аппаратта болатын. Қазір өздері аналарын еміоп, салмақ қосып үйге қайтып жатыр. Біз соған өте қуаныштымыз.

 

Перизат Биназарқызы

тілші

- Арслан, Алихан, Асылхан есімді үшемдер бүгін Бәйдібек ауданына өз ауылына шығарылып жатыр. 42 күндік ем-домнан кейінгі нәрестелердің жағдайы жақсы. Үшемдерді үйінде қос бірдей бауырлары күтіп отыр. Осылайша 28 жастағы келіншек көпбалалы ана атанып отырған жайы бар.


Перизат Биназарқызы,

Сұхбат

PhotoRoom