Газ қымбаттамайды

Жаңалықтар
18.04.2023, 14:27
Газ қымбаттамайды

Түркістан облысында автогаз қымбаттамайды. Өңірде сұйытылған газдың көлемі жеткілікті деңгейде. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиев осылай деп мәлімдеді.

 

Оның сөзінше түркістандықтар айына 12 000 тоннаға жуық газ тұтынады. Қазіргі таңда, алдағы екі айда жұмсалатын газдың мәселесі шешіліп қойған.

 

Сәкен Далиев

Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы

- Қазіргі таңда, Түркістан облысында сұйытылған мұнай газын басқа облыстармен салыстырғанда бағасы тұрақты. Бір литрі 60-65 теңгеден саудалануда. Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарында тариф 5-10 теңгеге өседі деп жоспарланып отыр.Бізде мұндай жоспар жоқ. Баға тұрақты.

 

Сондай-ақ, мамандар өңірде сұйық отын тапшылығын болдырмау мақсатында шекаралық аймақтарда энергетика бекеттері құрылғанын мәлімдеді. Бекеттері дизель отынын көршілес елдерге заңсыз тасымалдау жолын кесу мақсатында жұмыс істейді. Айта кетсек, қазіргі таңда Түркістан облысында 140 мыңнан астам тұрғын үй газ балон пайдаланса, 50 мыңнан астам әртүрлі көлік құралдары газбен жүреді.

 

Қанат Байсов

Сұхбат

PhotoRoom