Көлгінов проблемалы «Фемида» және «Берекет» тұрғын үй кешендерінің құрылысымен танысты

Аймақ
12.08.2020, 10:12

Үй құрылысы биыл аяқталады деп жоспарланып отыр

Көлгінов проблемалы «Фемида» және «Берекет» тұрғын үй кешендерінің құрылысымен танысты
Фото: Александр Куприенко

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов «Фемида» және «Берекет» тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы қала әкімі Instagram парақшасында жазды.

«Проблемалы деп танылған үйлерге барып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау құрылыстың қандай қарқынмен жүріп жатқанын көруге мүмкіндік береді. Құрылысы ұзаққа созылған үйлерде жағдай әртүрлі: бір жерде тек қазаншұңқыр ғана болса, енді бірінде үйдің қаңқасы ғана болды. Кей ғимараттарда бөлшектеу жұмыстарын жүргізіп, үй сызбасына өзгерістер енгізу қажет болды. Кей үйлерде 5 қабаттың орнына 9 қабат салынып, үлескерлерге сатылды», - деп жазды ол.

«Фемида» және «Берекет» тұрғын үй құрылысы биыл аяқталады деп жоспарланып отыр.

«Бүгін «Фемида» (Абат) және «Берекет» тұрғын үйлерінің құрылыс жұмыстарының барысымен таныстым. Тұрғындармен кездесулерде аталған үйлердің үлескерлері бірқатар маңызды мәселелерді көтерген болатын, олардың басым бөлігі шешілді. Инженерлік желілерді қосамыз. Үйлерді жылыту маусымына дайындау қажет. Үй құрылысы биыл аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Құрылысшыларға қойылатын басты талап-құрылыс жұмыстарын сапалы орындау. Аумақты абаттандырумен айналысу қажет», – деді қала басшысы.

Сұхбат

PhotoRoom