Қадір түні – тағдыр түні

Жаңалықтар
18.04.2023, 14:30
Қадір түні – тағдыр түні

Шымкенттіктер күллі мұсылман жұртына қасиетті – Қадір түнін қарсы алды. Бұл түн - адамзатқа Құран Кәрімнің аяттары түсе бастаған уақыт. Мың айдан да қайырлы болған түнді үшінші мегополистіктер 100-ге жуық мешітте қарсы алды. Алла үйінде жамағат бұл түннің қасиеті мен хикметіне қатысты салиқалы әңгіме құрып, уағыз-насихат тыңдады. Сондай-ақ, биыл тұңыш рет «Бабалар рухына 100 Құран Хатым дұғасы» атты рухани шара ұйымдастырылды. Қаланың бас мешіті – «Ақмешітке» мен де барып қайтқан едім. Сюжетті көріңіз.

 

Қадір түні – тағдыр түні. Бұл түнгі ғибадат, құлшылық мың айда жасалған құлшылықтан артық. Бұл түні періштелер көктен түсіп, жер бетінде береке орнайды, Алланың кешірімі нәсіп болады.

 

Иісі мұсылман қауымы Қадір түнін Құдайға құлшылық жасап, дұға етумен өткізді. Өйткені, 83 жыл жасаған мінәжаттың сауабына тең келеді Қадір түнінің берекеті мен құлшылық сауабы.

 

«Әйел ұстаздар» мен «Әжелер» мектебінің мүшелері де бабалар рухына 145 рет хатым Құран оқыды.Жалпы қасиетті айда «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы да ұйымдастырылған. Онда көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 17 500 отбасыға көмек берілді. «Рамазанда бір тал ек» акциясы бойынша мешіт аумағына 1600-ге жуық ағаш отырғызылды. Бұл шара мамыр айына дейін жалғасады. «Рамазанда мешітке кітап сыйла» жобасы аясында қаладағы 90 мешіттің қоры 3500 данаға толықты. Студенттер мен балдалар үйіне «Рамазан тәттісі» мен «Рамазан қоржыны» үлестірілген.

 

Сұхбат

PhotoRoom