Шымкент: бас жоспар мамырда дайын болады

Сараптама
19.04.2023, 14:37
Шымкент: бас жоспар мамырда дайын болады

Шымкенттің бас жоспары келесі айда аяқталады. ҚР Премьер-министрінің тапсырмасы негізінде 2035 жылға дейінгі даму жоспарын қоғамдық талқылау 2022 жылдың 21 маусым мен 21 шілде аралығында өткен еді. Былтыр желтоқсан айының 1-12 аралығында қайта өткізілді.

 

Қазір Шымкенттің көпқабатты үйін, көшесі мен бақтарын әсемдеу басты назарда. Себебі, шаһар сәулеті мегаполис мәртебесіне сай болуы тиіс екен. Қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының мамандары осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Жалпы қала аумағында 2021-2025 ж.ж. аралығында 5 млн. 318 мыңға жуық ш.м. тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған. Атап айтқанда, 2021 жылы 1 млн. ш.м. тапсырылған, 2022 жылы 1 млн. 70 мың ш.м. 2023 жылы 1 млн. 73 мың ш.м., ал 2024 жылы 1 млн. 86 мың ш.м., 2025 жылы 1 млн. 99 мың ш.м. қабылдау көзделген.

 

Жалпы қала аумағында пайдалануға берілген/берілетін тұрғын үй

2021-2025 ж.ж. 5 млн. 318 мыңға жуық ш.м.:

-2021 жылы 1 млн. ш.м;

- 2022 жылы 1 млн. 70 мың ш.м;

-2023 жылы 1 млн. 73 мың ш.м.

-2024 жылы 1 млн. 86 мың ш.м.

-2025 жылы 1 млн. 99 мың ш.м.)

 

Басқарма тарапынан 17 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында көрсетілген мемлекеттік қызметтің жалпы саны - 13 967 болған.

 

Сонымен қатар, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы негізінде қаламыздың геоақпараттық жүйесі (геопортал) жасақталып жатыр. Бұл жобаның аяқталу мерзімі биылғы мамыр айына жоспарланып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom