Адамдарды арбап келген 67 қаржы пирамидасы анықталған

Жаңалықтар
20.04.2023, 14:42
Адамдарды арбап келген 67 қаржы пирамидасы анықталған

Қаржылық пирамида, интернет алаяқтық қоғамдағы өзекті мәселе. Соңғы уақытта өзгенің арбауына еріп, қалтасынан қағылып жатқандар арызын арқалап полиция департаментінің табалдырығын тоздырып жүр. Ал заңгерлер болса соңғы 5 жылда елімізде алаяқтық қылмысы 50 пайызға артқанын айтады. Олар қолданыстағы заңды күшейтпесе, сан соғып қалатындар саны одан да көп болуы мүмкін екенін жеткізді. Мәселен бүгінгі таңда елімізде 67 қаржы пирамидасы анықталп оның негізін қалаушылар құрықталған.

 

2022 жылы Шымкентте тіркелген 3510 алаяқтық қылмысының 27 пайызы интернет арқылы жүзеге асқан. Ал, 2020 жылы алпыстан астам қаржы пирамидасының негізін қалаушылар тіркеліпті. Әр пирамидада орта есеппен 500-600 салымшы барын ескерсек, тұрғындарға келген шығын орасан. Милиярдтаған теңгені алаяқтар аңғал адамдардан алып кеткен.

 

Бүгінгі күнге дейін қаржы приамидасын ұйымдастырып, адамдарды арбаған 67 ұйым тіркеліпті. Пирамиданың негізін қалаушылар ҚР 217- яғни, қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Алайда заңгер мамандар қолданыстағы заңды қатаңдату керек деп санайды. Сонымен қатар азаматтардың қаржылық сауатын ояту керектігін айтады.

 

Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше 2022 жылы 29 қаржы пирамидасы жойылып, зардап шеккендерге 8,3 млрд теңгенің шығыны өтелген.

 

Нұрлан Пайзов

Сұхбат

PhotoRoom