Арменияда төтенше жағдай режимі 11 қыркүйекке дейін ұзартылды

Әлем
12.08.2020, 15:26

Пандемияға байланысты Армения аумағында төтенше жағдай режимі осымен бірнеше рет ұзартылды

Арменияда төтенше жағдай режимі 11 қыркүйекке дейін ұзартылды
фото: armenpress.am

Арменияда коронавирус індетіне байланысты 16 наурызда жарияланған төтенше жағдай режимі 11 қыркүйекке дейін ұзартылды. Мұндай шешім ел Үкіметінің кезектен тыс отырысында қабылданды. Бұл туралы Armenpress.am хабарлайды.

«Біз төтенше жағдайды тағы ұзартуымыз керек. Бұл соңғы рет болады деп үміттенеміз», - деді Армения премьер-мнинистрі Никол Пашинян бұл жолы жеңілдету шаралары болатынын ескеріп.

Армения аумағында төтенше жағдай режимі осымен бірнеше рет ұзартылды. Пандемияға байланысты соңғы рет енгізілген ТЖ 12 тамыздың аяқталуы тиіс болған.

Сұхбат

PhotoRoom