Өркениет өлшемі – ғылым

Жаңалықтар
20.04.2023, 14:56
Өркениет өлшемі – ғылым

Өркениет өлшемі – ғылым мен білімнің даму көрсеткішіне байланысты. Осыны ескерген Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің басшылығы ғылыми орталық ашты. Оқу кабинеттерінің тапшы екенін біле тұра ұжым мұндай қадамға неге барды? Біліп қайттық.

 

Өткен апта 12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні болды. Оқу орындарында апталық жарияланған болатын. Бір жеті бойы студенттердің ізденісі жарыққа шығып, біраз мотивация беріліпті. Елімізде білім мәселесі өзекті. Ал ұстаздар үйіне айналған университет ұжымы мұны жақсы түсінеді.

 

Ғылыми орталық – заман талабы. Педагогтар оқитын ордада кабинет, аудитория тапшылығы сезіледі-ақ. Алайда, бұл материалдық-техникалық базаның проблемасы жуық арада шешіліп қалуы керек. Ал ғылым прогресі күтіп тұрмайды.

 

«Ұлт ұстаздары» кабинетінде ғылыммен айналысамын деген педагог пен студентке бар жағдай жасалған. Келешекте интернет, компьютерлермен қамтылады. Ұлт ұстаздары атанған ойшылдардың портреті ізденушіге шабыт берері сөзсіз. Сонымен, ғылым апталығының қорытындысы бойынша, үздіктер марапатқа ие болды. Республикалық XII ғылыми-тәжірибелік конференциясының пленарлық мәжілісінде шәкірттер тақырыптық ізденістерінің нәтижелерін таныстырды.

Сұхбат

PhotoRoom