Ө. Жолдасбековті еске алуға арналған турнир

Жаңалықтар
24.04.2023, 14:59
Ө. Жолдасбековті еске алуға арналған турнир

Бәйдібек ауданында валейболдан белгілі журналист Өмірхан Жолдасбековті еске алуға арналған турнир болып өтті. Байрақты бәсекеге 14 команда қатысып, бақ сынады.

 

Өмірхан Жолдасбековті еске алуға арналған турнир өзі білім алған Әуезов мектебінде ұйымдастырылды. Игі бастамаға талантты журналисттің өз отбасы мен қыздары мұрындық болды.

Жарыс тәртібі бойынша үміткерлер кмоанданы екі қыз, төрт жігіттен жасақтады. 14 топқа бөлінген аудан спортшылары ә дегеннен-ақ ойын көркін қыздыра түсті. Спорт бәсекесіне сақа мамандар төрешілік жасады.

Көзі тірі болғанда Өмекең биыл 59 жасқа толар еді. «Ол еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастап, қоғамдық өмірде өзіндік өткір ойымен халық қолдауына ие болған дара тұлға еді»,- дейді, көзкөргендер. Ауданға қол добын әкелген де осы Өмекең болатын. Журналистика саласында жүріп те, БАҚ арасындағы спортакиадалардың дүркін-дүркін жеңімпазы атанған-ды.

14 команданың арасында айқын басымдықпен жеңіске жеткендерге жүлделі ойындар тағайындалды. Жүлде қоры да қомақты. Бірніші орынға 15 мың. Екінші орынға-100 мың, ал, үшінші орынға 70 мың теңге қаржылай сыйлық берілді. Бұдан бөлек үздік ойын көрсеткен спортшылар да құралақан қалмады.

Сұхбат

PhotoRoom