Әуежайда шыққан өрт сөндірілді

Жаңалықтар
25.04.2023, 15:06
Әуежайда шыққан өрт сөндірілді

Шымкент әуежайына Алматыдан ұшып келген АН-24 ұшағынан өрт шығып, оны оқу-жаттығу жиынына қатысушылар сөндірді. Апат жанаржағармайдың төгілуі салдарынан орын алған деп топшаланып, 48 адам құтқарылды. 

 

Өрт әуежайға қонбақ болған ұшақтың шасси тағанының істен шығуынан орын алған. Әуе кемесінің бортында 48 жолаушы және 4 экипаж мүшесі болды. «Дабыл» белгісін естіген құтқарушылар жедел әрекетке кірісті.

Оқу-жаттығу барысында әуежайдың алғашқы медициналық жәрдем қызметі де дайындығын пысықтады. Оған қоса әуе қорғанысы, өртке қарсы жасақтарының да дайындығы тексерілді.

Әуежай аумағы қашанда апаттық жағдайға дайын болмағы лазым. Сондықтан да «Шымкент әуежай» АҚ төтенше жағдайға қарсы тұру мақсатында техникалық жаңарудан өткен. Мамандардың айтуынша әуежай аумағында оқыс оқиғалар жиі орын алып тұрады.

Айтып өтейік, Шымкент аэропортында ұзындығы 3300 метрді құрайтын ұшып-қону жолағы бар. 2007 жылы ол заманауи қону жүйелерімен жабдықталған. Бүгінде әуежайда 525 маман табанды еңбек етіп отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жүктеу

Сұхбат

PhotoRoom