Ақылбек Күрішбаев, Сұлтанбек Мәкежанов: Сенатқа кімдер депутат болып сайланды?

Саясат
12.08.2020, 16:57

Сенат депутаттарын жергілікті мәслихат депутаттары құпия дауыс беру арқылы сайлайды

Ақылбек Күрішбаев, Сұлтанбек Мәкежанов: Сенатқа кімдер депутат болып сайланды?

Бүгін Қазақстанда Сенат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Жергілікті мәслихат депутаттарының дауыс беруімен өңірлерден 17 сенатор сайланады. Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялап, кімдердің сенатор болғанын хабарлады.  

Айта кету керек, Сенат депутаттарын мәслихат депутаттары құпия дауыс беру арқылы сайлайды. Ендеше Қазақстандағы мегаполистерден бастап, нақты кімдердің Сенатқа жолдама алғанын хабарлайық.

Нұр-Сұлтан қаласы атынан Сенатқа депутат болып бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі, қазіргі Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев сайланды.

Алматы қаласының атынан Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов 100% дауыс жинап, оған Парламенттің жоғарғы палатасынан мандат бұйырды.

Шымкент қаласы атынан сенаторлыққа түскен Айгүл Қапбарова 72% дауыс жинап, мандатын сақтап қалды. Ол бұған дейін Жоғарғы палата депутаты еді.

Ақмола облысынан – Нұрлан Бекенов (89,5%);

Ақтөбе облысынан – Бауыржан Қаниев (79,89%);

Алматы облысынан – Сұлтан Дүйсембинов (92,63%);

Атырау облысынан Сағындық Лұқпанов (82,69%);

ШҚО – Ольга Булавкина (93,07%);

БҚО – Ләззат Рысбекова (70,33%);

Жамбыл облысынан – Бекболат Орынбеков (92,09%);

Қарағанды облысынан – Сергей Ершов (83,15%);

Қостанай облысынан – Сергей Карплюк (87,21%);

Қызылорда облысынан – Ақмарал Әлназарова (77,86%);

Маңғыстау облысынан – Сүйіндік Алдашев (87%);

Павлодар облысынан – Алтынбек Нұхұлы (81,97%);

СҚО – Ольга Перепечина (87,57%);

Түркістан облысы – Әли Бектаев (91,53%).

Айта кетейік, әр өңірден бір-бір депутаттан Парламенттің жоғарғы палатасына сайланады. Бүгінгі сайлауда Сенаттағы 17 орын үшін 46 үміткер таласты.

Сұхбат

PhotoRoom