Жарқын болашақ жігерлі жастардың қолында! Дәл осындай тақырыппен Орталық Азиялық Инновациялық Университетінде педагогика кафедрасының апталығы өтті. Апталық аясында студенттер психологиялық тренингтер, шеберлік сағаттары мен түрлі сайыстарға қатысты. Негізгі мақсат - студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлар жасау. Болашақ ұстаздармен тілдесіп қайтқан әріптесім толықтырады.
Сапалы білім мен саналы тәрбие беруді көздеген ұстаздар қауымы педагогикалық шеберлік, педагогика және оқыту әдістемесі бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді. Осы орайда, студенттер түрлі білім додаларына қатысып, өз бақтарын сынады. Сондай-ақ, Ғылым күні аясында психологиялық-педагогикалық бағытта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен Арт - терапия арқылы жұмыс істеудің тәсілдерін үйренген білім алушылар, бүгін іс жүзінде жүзеге асырды.
Апталық барысы жақсы көңіл күй, жан азығы атты психологиялық тренингімен жалғасты. Бұл ретте, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мен қазіргі заманауи бейнесі атты шеберлік классы және ұшқыр ой алаңы интеллектуалдық сайысы ұйымдастырылды. Кафедра оқытушысы Анар Сапарбайқызының айтуынша, бұл шаралар бәсекеге қабілетті кәсіби мұғалімдерді даярлауда маңызы зор, дейді.
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 2 курс студенті Аружан Мұқан ұшқыр ой алаңы сайысына қатысып бағын сынады. Болашақ ұстаздың бұл ретте, айтар өз ойы бар.
Апталықтың мақсаты студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлар жасау. Сонымен қатар, олардың білімдерін жетілдіре отырып, іс тәжірибелерін түрлі шаралар арқылы толықтыру болып табылады.