Әкім Әйтенов Әл-Фараби тұрғындарымен кездесті

Жаңалықтар
26.04.2023, 15:21
Әкім Әйтенов Әл-Фараби тұрғындарымен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесті. Есепті мәжілісте қала мэрі өткен жылы атқарған жұмыстарын баян етті. Ал, биыл әлеуметтік сала мен халықтың тұрмыс сапсын арттыру бағытында атқарылатын іс ілгерілемек. Инфестиция тартудан ресупбликада бірінші орында тұрған миллионды шаһарда қандай мәселелерге ден қойылмақ? Қазір ғана есепті жиыннан оралған әріптесім Гүлсанат Қалмырзақызына сөз тізгінін берсек.

 

Есепті жиынға келген жұрттың қарасы қалың. Әкім әуелі әлқисса әңгімені барды бағамдап, жоқты түгендеуден бастады. Қос әкімнің есебін тыңдаған жұрт жапа-тармағай залдың ортасына қойылған микрофонға келіп, базыналарын жеткізді. Кездесу жоғары деңгейде өтті, деп бағалады бүгінгі жиынды аудан тұрғындары. Қаланың өсіп-өркендеуіне бір ғана әкім емес, барша халық жауапты. Сондықтан, бір жағадан бас, бір қолдан жең шығарғанда ғана елдің әлеуеті жақсарады, дейді үй төрайымы Мөлдір апай.

Сұхбат

PhotoRoom