Ұлттық құндылық – халық қазынасы. Дәл осы тақырып аясында Шымкенттегі №24 Алма бөбекжай-балабақшасында республикалық форум аясында тәжірибелік семинар өтті. Оған, қаламыздағы және еліміздің Астана, Атырау, Алматы, Семей, Қызылода облыстарынан мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Жаңа заман баласының бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіре отырып, еліміздің патриот жастарын тәрбиелеуді мақсат тұтқан балабақша тәрбешілері бүгінгі республикалық семинарда өз тәжірибелерімен бөлісті. Алдымен, ересектер тобынан бастау алған жиын ертегілер желісіне қарай бағытталды. Мұнда, баланың ой-қиялын дамыта отырып, топтық жұмыс көрсетілген. Ал, мектепалды даярлық тобында қазақтың ұлттық ойындары дәріптелді. Бүлдіршіндердің бірі қалмай қатысқан асық ату ойны баланы ептілік пен ширақтыққа, дәлдікке баулитыны анық.
Семинар барысында балалар текеметке ою салып, кесте тігіп, жүн түтті. Сондай-ақ, бүлдіршіндер саз сабағында құмыра жасап, қонақтарға тарту етті.
Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіруде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің алар орны ерекше. Бұл ретте, балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың түрлі тәсілдерді қолдана білу сауаттылығына бай¬ланыс¬ты екені даусыз. Осы орайда, ата-аналардың да қолдауы қажет-ақ. Балабақша ұжымы бұл ретте, ұстаз,бала, ата-ана бірігіп үштік одақ құрып, тығыз байланыс орнатқан.
Бүгінгі жиынды қорытындылаған қатысушылар үйреніп, ойға түйгендерін өз әріптестерімен бөлісе отырып, қолданатындықтарын жеткізді. Осы орайда, еліміздің өзге өңірлерінен келген қатыушылар салт-дәстүріміз бен әдеп-ғұрпымыздың мәйегі болған оңтүстік жұршылығына ризашылықтарын білдіріп, бүгінгі тәжірибелік семинарға жоғары баға берді. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің арасында өткен Республикалық форум аясында Шымкенттегі 11 балабақшада тәжірибелік семинар өткізілді.