Жалпықалалық сейсможаттығу өтеді

Жаңалықтар
28.04.2023, 15:32
Жалпықалалық сейсможаттығу өтеді

Жер сілкінісі - экономикалық және адам шығыны жағынан ең үлкен зиян келтіретін табиғи сипаттағы төтенше жағдай. Сондықтан да оған әркім әркез дайын болуы керек. Осыған орай, 5 мамырда жалпықалалық жер сілкінісіне даярлық оқу-жаттығуы өтеді. Оның мақсаты орын алуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алуға және орын алған кездегі азаматтардың атқаратын іс әрекеттерін толыққанды пысықтау,-дейді салаға жауаптылар. Жалпықалалық сейсможаттығуды өткізу тәртібі туралы брифингіден әріптесім Күнту Арынбек ақпарат таратсын.

 

Шымкент қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Болуы мүмкін жер сілкінісіне байланысты қалалық Төтенше жағдайлар департаментімен мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде, білім беру ұйымдарында және шағын аудан, тұрғын алабтарда тұрғындардың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында тоқсан сайын сейсможаттығулар тұрақты түрде өткізіліледі.

 

Сейсможаттығу кезінде партикалық іс-шаралар 3 кезең бойынша өтеді. Бірінші 3 мамыр күні қауіпті өндірістік нысандарда, барлық денсаулық сақтау мекемелерінде ұйымдастырылады. Екінші кезеңде 4 мамырда білім беру мекемелерінде; қаланың 5 аудандық әкімдік ғимараттарында; Өмір тіршілігін қамтамасыз ететін нысандар «Оңтүстік Жарық Транзит», «Казтрансгаз», «Интергаз», «Қазақтелеком», «Қауатжылу орталығы» мекемелерінде практикалық іс-шаралар өткізіледі.

 

Ал 5 мамыр күні қала аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер; №80, 35,102, 122, 120, 118-ші мектептерде және №65, №90 мектеп-гимназияларының базаларындағы эвакуациялық жиналу пункттерінің практикалық көрсетілімі ұйымдастырылады.

 

Шатырлы қалашыққа «Наурыз Парк» тұрғын үй кешенінен эвакуацияланған тұрғындар орналастырылады. Жаңа Ипподром алаңында Азаматтық қорғау қызметтерімен жедел әрекет ету жасағының күштері мен құралдарының көрсетілімі ұйымдастырылады.

Сұхбат

PhotoRoom