Қаратау ауданында 8 аллея салынады

Жаңалықтар
28.04.2023, 15:35
Қаратау ауданында 8 аллея салынады

Биыл Қаратау ауданында 8 аллея салынады. Аудан тұрғындарына қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында демалыс аймақтарының құрылысы «Нұрсәт», «Тұран», «Тассай» тұрғын алабында жүргізіледі. Мұндай жаңашылдыққа әсіресе Тұрандық тұрғындар қуанып отыр. Сондай-ақ көгалдандыру, ирригациялық жүйе орнату жұмыстары да қолға алыныпты.

 

Шымкенттің шығысында орналасқан тұран шағынауданы адам сенгісіз өзгереді. Бүгінде үлкен құрылыс алаңына айналған шағынауданда 20 мыңнан аса халық тұрады. Жергілікті тұрғындар қордаланған мәселесі оңынан шешіліп жатқанын айтады.

 

Ия, Тұран шағынауданында бір емес екі бірдей демалыс орнының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша мамыр айында ел игілігінеберілмек. Сондай-ақ «Нұрсәт» шағынауданында – 5, «Тассай» тұрғын алабында -1 аллея мен сквер салынады. Ол үшін бюджетен 500 миллион теңгеден аса қаржы қаралған.

 

Ауданда бұқаралық сапортты дамыту да нық қолға алынған. Бұл мақсатта заманауи үлгідегі 70 спорт алаңшасы мен 128 балалар ойын алаңшасын салу жоспарға қойылған. Ол үшін 1 миллиард 46 миллион теңге қаржы жұмсалады. Басымдылық Тұран шағынауданына берілген.

 

Сондай-ақ шағынауданда көгалдандыру жұмысы басталып кеткен. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы аумақта абаттандыру жұмысын жүргізіп, ағаш отырғызады.

 

Айта өтейік, биыл Қаратау ауданының тұрғындары 98 пайыз ауыз сумен қамтылады. Сонымен қатар көгілдір отынмен қамту 96, сапалы электр қуатымен 98, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 57,6 пайызға артатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom