Шымкентте биыл 14 елді мекенде көгілдір отын құбырын тарту жоспарланған. Олар Тассай, Тұран, Солтүстік саяжай, Асар-2, Сәуле, Бозарық және Қайнарбұлақ шағын аудандары. Солардың бірі, Солтүстік саяжайдағы құрылыс аяқталуға жақын. Бүгінде құбырларды қысымдау жұмыстарынан өткізіп жатқан мердігер мекеме «Энергоресурс» ЖШС мамыр айының соңына таман тұрғын үйлерді табиғи газға қоса бастайтынын жеткізді.
Өткен жылдың мамыр айынан басталған Солтүстік саяжайдағы табиғи газ тарту жұмыстары аяқталуға жақын. Бұйыртса, келесі айдың соңына таман тұрғын үйлерді көгілдір отыға қоса бастаймыз, деген мердігер мекеме «Энергоресурс» ЖШС 82 шақырым құбыр тартқан. Нәтижесінде, 6 мыңға жуық абонент қамтылады деп жоспарланған.
Бүгінде көгілдір отын құбырларын қысымдау жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Қадағалаушы мекеме нысанның басы-қасында. Осы орайда, кемшіліктер дер кезінде жойылып жатқанын жеткізді.
Биыл қалада 14 нысанда табиғи газ тарту жұмыстыры жоспарланған. Оның 8-індегі құрылыс ағымдағы жылы аяқталса, 4 елді мекендегі жұмыс келесі жылдың еншісіне қалдырылып отыр. Меже бойынша халықты көгілдір отынмен қамту көрсеткішті 94 пайыздан 96 пайызға жеткізу көзделген.