Қазақстанда маркасы және нөмірі бірдей 3 көлік анықталды

Аймақ
13.08.2020, 16:31

Олардың екеуі елордада, біреуі Өскемен қаласында анықталған

Қазақстанда маркасы және нөмірі бірдей 3 көлік анықталды
Фото: Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірі бірдей 3 көлікті анықтады. 

Полиция департаменті қала аумағында жол қозғалысына мониторинг жасау барысында маркасы мен нөмірі бірдей екі көлікті анықтап, барлық полиция бөлімшелеріне ұқсас көліктерді ұстау туралы нұсқау берілген.

«11 тамызда бақылау камерасы арқылы бір автокөлік, келесі күні мемлекеттік тіркеу нөмірі бірдей екінші көлік анықталып, ұсталды. Ұсталған көлік жүргізушілері автокөлікті заңды жолмен сатып алған. Сондай-ақ автомобиль иелері жол ережесін бұзғаны үшін бірі екіншісі үшін айыппұл төлеп келген. Көліктер коммуналдық автотұраққа қойылды. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деді департаменттегілер.

Мемлекеттік тіркеу нөмірі дәл осындай үшінші көлік Өскемен қаласында анықталған. Көлік иесінің айтуынша, мемлекеттік тіркеу нөмірі Е 658 ВН 138 РФ «Toyota Estima» маркалы көлігіне әкімшілік айыппұл төленгені туралы ұйғарым тұрғылықты мекенжайына келіп тұрады. Бірақ құжатта көрсетілген күндері ол Нұр-Сұлтан қаласында болмаған.

Сұхбат

PhotoRoom