2020 жылы білім беретін 26 мекеме жөндеуден өтеді – Көлгінов

Аймақ
13.08.2020, 16:43

Олар - мектептер, колледждер, балабақшалар

2020 жылы білім беретін 26 мекеме жөндеуден өтеді – Көлгінов
Фото: Александр Куприенко

Қала басшысы бірқатар білім беру мекемелерін аралады. Бұл туралы Алтай Көлгінов Instagram желісінде жазды.

«Жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысымен қатар қаладағы ғимараттарға да назар аудару қажет. Биыл білім беретін 26 мекемеде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Олардың қатарына мектептер, колледждер, балабақшалар жатады. Аталған нысандардың басым бөлігін «жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырамыз. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», - деп жазды ол.

Әкімнің айтуынша, шаһардағы Жоғары көлік және коммуникация колледжінің ғимараты 75 жыл бұрын салынған. Мұнда ғимараттың қасбеті бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 130-дан астам терезе ауыстырылды.

«Колледж нарықта сұранысқа ие мамандарды шығарады. Мысалы, мекемеде электрмен жабдықтау, тасымалдауды ұйымдастыру және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару, салалар бойынша логистика және т.б. сияқты мамандықтарға оқуға болады», - деді А.Көлгінов.

Сондай-ақ қала әкімі каралау барысында №58 мектеп-гимназиясына барды (Ақан Сері көшесі, 22). Мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп шешілді.

«Оқушылар «кезекші топтарда» оқитын білім беру мекемелерінде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік қашықтықты сақтау туралы белгілер қойылады, оқушылар парталарға шахмат тәртібімен отырғызылады», – деп жазды Нұр-Сұлтан әкімі.

Сұхбат

PhotoRoom