Дендробаққа 100 түп ағаш отырғызылды

Жаңалықтар
02.05.2023, 23:59
Дендробаққа 100 түп ағаш отырғызылды

1 мамыр күні сенбілік өтті. Шымкент қаласының А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақтың «Достық» аллеясында «Тазалық» акциясы аясында ағаш егілді. Акцияның бірінші кезеңінде, яғни 2023 жылғы 18 наурыз күні аталмыш саябақта «Достық» аллеясы ашылып, 100 түп ағаш отырғызылды.

 

Шараның екінші кезеңінде аллеяға 17 этномәдени бірлестіктің атынан арнайы 17 түп егілді. Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының қатысуымен 1 түп «Бірлік» ағашы ретінде барлығы 18 түп ағаш отырғызу жоспарланған. Акцияға Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшылары мен қызметкерлері, «Қоғамдық келісім» қызметкерлері, «Ассамблея жастары» ұйымы өкілдері, «Жастар рухы» қозғалысы өкілдері мен «Достық» клубының мүшелері қатысты.

Сұхбат

PhotoRoom