Хоккейден жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтті

Жаңалықтар
02.05.2023, 00:00
Хоккейден жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтті

Шымкентте хоккейден жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтті. Аймақтар арасындағы бәсекеге 2009 жылы туған бозбалалар қатысып, әр өңірдің намысын қорғады. Бұл жолы шымкенттік спортшылардың асығы алшысынан түсті.

Мұз айдынындағы бәсекеге еліміздің әр аймағынан 8 команда қатысты. Жарыстың басы-қасындағы мамандар чемпионат деңгейі жыл өткен сайын өсіп, командалар арасындағы бәсекелестік артқанын алға тартады.

Жергілікті «Тұран» командасының белді мүшесі – Мейіржан Нұрлан. Ол шайбалы хоокеймен 5 жылдан бері айналысып келеді. Балғын коккейшінің мұз айдынындағы негізі міндеті – қақпаны қалт жібермей күзету.

4 күнге созылған бәсекеде шымкенттік хоккейшілер жеңіс тұғырынан көрінді. Бұған дейін талай бәсекеде топ жарған спортшыларды алда әлі талау асулар күтіп тұр. Сондықтан мектеп ұжымы балалардың дайындығын одан әрі пысықтауға бек дайын.

Сұхбат

PhotoRoom