Елордада есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Аймақ
14.08.2020, 10:25

Ұсталған үш азамат Қызылорда облысының тұрғындары болып шықты

Елордада есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
фото: polisia.kz

13 тамызда ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін жүргізу барысында Нұр-Сұлтан қаласы ПД криминалдық полициясымен бірлесе отырып, қылмыстық іс-әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұсталған үш азамат Қызылорда облысының тұрғындары болып шықты.

«25-35 жас аралығындағы адамдар кірген топ аса ірі мөлшерде есірткі заттарын тасымалдаумен және өткізумен айналысқан. Қылмыстық топтың есірткі құралдары республиканың оңтүстік өңірлерінен әкелінгені және қолда бар делдалдар арқылы Нұр-Сұлтанда сатылғаны анықталды. Осылайша, олар өсімдік тектес есірткі құралдарын өткізуді ұйымдастырған. Ұсталған кезде аталған топтан төрт килограмнан астам «марихуана» есірткі заты тәркіленді», - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (есірткі құралдарын және олардың аналогтарын ірі мөлшерде заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау, жөнелту немесе өткізу). Ұсталған адамдар Нұр-Сұлтан қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сұхбат

PhotoRoom