Сауранда ауқымды жобалар іске асырылады

Жаңалықтар
02.05.2023, 00:04
Сауранда ауқымды жобалар іске асырылады

Сауран ауданында балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер шығарылатын болады. Сонымен қатар, демалыс аймақтарын ашып, қонақ үйлер салу жоспарланып отыр. Бұл туралы өткен жылы атқарған жұмыстарын қорытындылаған аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев мәлімдеді. Ол қазіргі таңда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың алғы шарттары орындалып жатқанын жеткізді. Жоспар жүзеге асса мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Құрылғанына көп бола қоймаған Сауран ауданының өткен жылы бюджеттік кірісі 1 млрд. 316 млн-нан астақан. Бұл жоспардың 124 пайызға орындалғанын көрсетеді. Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы 99 пайызға орындалған. Аудан басшысы халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында бірқатар тиісті жобалар қолға алынып жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар, аудандағы жұмыссыздық мәселесін шешу бағытында да бірқатар жобалар жүзеге асылырып жатыр. Соның бірі «Ауыл аманаты» пилоттық жобасын мысал ретінде келтіруге болады.

Аудандағы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында инфрақұрылым мәселелеріде кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Ал аудандағы 35 елдімекен орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілген. 1 елдімекен күн сәулесі батареяларынан қуат алады. Аудан халқының өсуіне байланысты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін, өткен жылы 13 трансформатор орнатылды. Биыл 37 дана орнатылады.

Сұхбат

PhotoRoom