Мемлекеттік қызметтің қыр-сыры түсіндірілді

Жаңалықтар
03.05.2023, 00:06
Мемлекеттік қызметтің қыр-сыры түсіндірілді

Мемлекеттік қызметкер бастамашыл болу керек. Халық сенім артқан әр маман тығырықтан шығатын жол таба білетін елгезек болғаны абзал. Ордабасы ауданына арнайы барған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы осы ойды алға тартты. Өркен Балажановтың сапары жайында тілші әңгімелейді.

 

Өркен Балажанов Ордабасы ауданы әкімі аппаратының қызметшілерімен кездесіп, мемлекеттік қызметті жетілдіру бағытындағы мемлекеттік қызмет заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді.Атап айтқанда, мемлекеттік грантпен оқу орындарын үздік бітірген түлектер аудан, ауылдарда төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылдана алатынын әңгімеге арқау етті.

 

«Б» корпусының белгілі бір санаттағы лауазымдарына уәкілетті органның келісімімен тікелей тағайындалады. Сондай-ақ, бұдан былай екі тоқсан бойы тиімсіз деп бағаланған қызметшілердің лауазымы төмендетіледі, ал төменгі бос лауазым болмаған жағдайда қызметтен шығарылатындығы түсіндірілді. Бұдан өзге, Заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, келісімшарттық қызметшілер ұғымы енгізілді. Келісімшарттық қызметшілер мемлекеттік қызметші санатына жатпайды. Олар салалық жобаларды іске асыру үшін тартылатын болады. Жиынды жүргізген аудан әкімі Нұрбек Бадырақов еліміздегі оң бастамаларға өз ойын білдірді.

 

Сонымен қатар басқосуда мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты режимін сақтауы, қашықтықтан жұмыс, аралас қашықтықтан жұмыс және икемді жұмыс уақыты режимін реттеу бойынша ақпарат айтылды .Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі-адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану қағидаттарымен белгіленген Әдеп кодексі талаптарының қатаң сақталуын керектігі түсіндірілді.

Сұхбат

PhotoRoom