Қазақстанда карантин кезінде 1,3 миллион адам жұмыссыз отырды

Жаңалықтар
14.08.2020, 12:56

Кейбір тыйым салынған нысандар бұрынғыша жұмысын жалғастырмайды

Қазақстанда карантин кезінде 1,3 миллион адам жұмыссыз отырды
Фото: ашық дереккөзден

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев елімізде карантин кезінде 1,3 миллион адам жұмыссыз отырғанын хабарлады.

«Кеше карантин нормаларын жеңілдету туралы шешім қабылданды. 830 мың бизнес нысаны осы күнге дейін жұмыс істемеді. Шамамен 1,3 миллион адам жұмыссыз отырды. Енді осы қабылданған шараларға байланысты, 17 тамыздан бастап көптеген бизнес түрлері жұмыс істеуге мүмкіндік алады», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, кеше Мемлекеттік комиссия отырысында Қазақстанда 17 тамыздан бастап қайта жұмыс істейтін нысандар анықталды.

Сұхбат

PhotoRoom