Инфрақұрылым жақсарып келеді

Жаңалықтар
04.05.2023, 13:15
Инфрақұрылым жақсарып келеді

Түркістанның инфрақұрылымы талапқа сай жақсаруы тиіс. қала аумағындағы маңызды нысандарында болған Дархан Сатыбалды осылай деді. Аймақ басшысы әкімшілік-іскерлік орталығындағы 7 және 30-көше бойындағы саябақтың құрылысының барысымен танысты.

Нысанның жалпы аумағы – 10,5 гектар. Көгалдандыру алаңы 61 мың шаршы метр. Бұл маңға ойын және спорт алаңшалары да салынбақ. Сонымен бірге 2 мыңнан астам ағаш отырғызылып, 300-ге жуық жарықшам орнату көзделген. Белсенді өмірге бастайтын саябақта тұрғындар мен қонақтарға тынығуға жағдай жасалады. Өз кезегінде облыс әкімі мердігерлерге жұмысты жоспарға сай сапалы атқаруды тапсырды. Аяқжолдар, абаттандыру жұмыстары талапқа сай болуы тиіс екенін ескертті. Ауа райының ерекшелігін ескеріп, осы аумаққа жерсінетін акация, тұт, қарағаш және өзге де төзімді ағаштарды көптеп егу керек,-деді. Бұл сапарда Дархан Сатыбалды Түркістан үшін аса маңызды көшедегі жол төсеу жұмысымен танысты. 4-6 жолақты магистралды жолдың құрылысы былтыр басталған. Бұл күні өңір басшысына «Ащысай су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысы таныстырылды. Су резервуары – Түркістан Кентау қалаларын ауызсумен қамтитын стратегиялық нысан. Қазір бұл резервуар талапқа сай жұмыс істеп тұр. Мамандар су құрамын, сапасын тұрақты түрде тексеріп, зерттеп отырады. Халық саны өсуіне немесе тіршілік нәрін тұтыну көлемінің күрт артуына да арнайы жоспар жасалған. Су қоры жеткілікті. Дархан Сатыбалды су нысанының талапқа сай жұмыс істеуі маңызды екеніне тоқталып, қажет жағдайда қосымша қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom