Марокко шегірткесіне қарсы күрес жалғасуда

Жаңалықтар
04.05.2023, 13:27
Марокко шегірткесіне қарсы күрес жалғасуда

Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы күрес жұмыстары қызу түрде жүргізіліп жатыр. Зиянкестерге қарсы шаралар 10 ауданның 50-ден астам ауылдық округінде қолға алынған. Мамандар өңірдегі фитосанитариялық ахуалдың тұрақты екенін айтуда.

Түркістан облысында аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы жүргізілетін химиялық өңдеу жұмыстары 8 сәуір күні басталған. Өңірдегі шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын толықтай аяқтауға әлі 10 күндей уақыт бар. Қазіргі таңда, шегірткелерден келетін қауіп сейілгенін айтады мамандар.

Спикердің сөзінше, өңірде шегірткеге қарсы күрес шаралары жоспарға сай атқарылып жатыр. Бұл ретте, бір күнде 3500-4000 гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Бүгінгі таңда, жоспарланған 705 000 гектар алқаптың 570 000 гектарында зерттеу, анықтау жұмыстары жүргізілді. Марокко шегірткесінің қоныстанған аумағы 90 000 гектарды құрайды.

Бұл ретте, шегірткеге қарсы күрес күшейтілген. Алдағы уақытта марокко шегірткесіне қарсы барлығы 67 290 га алқапта, оның ішінде 59 050 га жерүсті желдеткіш бүріккіш техникаларымен, 8240 га әуемен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілмек.

Сұхбат

PhotoRoom