Шымкент – цирк эстрадалық оркестрінің концерті өтті

Жаңалықтар
05.05.2023, 13:31
Шымкент – цирк эстрадалық оркестрінің концерті өтті

Үшінші мегаполисте отан қорғаушылар және жеңіс күні қарсаңында Шымкент – Цирк эстрадалық оркестрінің концерті өтті. Кәсіби виртуоз музыканттар джаз ырғағындағы композицияларды орындап, көрермен қошеметіне ие болды. Мерекелік кештің мәдени аурасын сезініп қайтқан тілші тарқатып айтсын.

Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі, - деп Ахмет Жұбанов айтқандай, өнерге қызыққан жастардың қатары көбеюде. Оркестрдің әуезді әнін тыңдауға келгендердің арасында да жас буынның қарасы қалың екенін аңғаруға болады. Бұл музыкалық талғамның биіктігін көрсетеді дейді ұйымдастрыушылар.

Мерекелік кешке келген қонақтардың арасында Түркістан облыстық композиторлар филилының басшысы Құралай Сәтмұхамбетова да бар. Белгілі композитор қазақта сирек кездесетін джаз өнерін тамашалауға келгенін айтады.

Оркестрмен қосылып ән салуға, аспаптарда ойнауға өңірдің, еліміздің озық өнерпаздары ықылас танытып келеді. Ән кешінде елге танымал музыканттар өнер көрсетіп, думан көркін қыздыра түсті. Концертке Мәскеуден келген қонақтар, оркестірде өнер көрсететін бауырын қолдауға келіпті.

- Біз Мәскеуден келдік, бауырымыз топта өнер көрсетеді. Таң қалып отырмыз, неткен үлкен зал, атмосфера, барлығы керемет, қуанып отырмыз. Айтпақшы, саксофоншы да біздің танысымыз. Керемет кеш өтуде.

Эстрадалық оркестр – классикалық, заманауи шығармаларды, халық әндерін тромбон, саксофон, труба секцияларынан, ырғақты, клавишалық топтардан тұратын ғажайып үндестікпен тыңдаушысына еркеше әсер сыйлағандай. Залдағы овация оның дәлелі секілді.

Сұхбат

PhotoRoom