Шымкенттің палуаны анықталып жатыр. Биыл 20 жігіт сынға түсіп, күресті. «Қазақ күресі» федерациясы бапкерлер биыл «Қазақстан барысы» қалай да Шымкенттен шығуы керек деп отыр.
Шымкенттегі қазақ күресінен өтіп жатқан турнирден 2 спортшы Республикаға жолдама алады. Палуандардың дайындығы жоғары деңгейде. Жыл сайын шаһар атынан жүлдегерлер шыққанымен, «Қазақстан барысы» атанған жерлесіміз болмай тұр.
Шымкенттің спорты жылдан-жылға жақсарып келеді. Жетістіктер аз емес. Былтыр 90-ға жуық әлем, Азия чемпиондары шықты. Ал биылғы «Шымкент барысында» үздік өнер көрсеткендерге лайықты жүлде тағайындалған. 1-орынға миллион, 2-орынға – 500 мың теңге, 3-орын иесі 300 мың сыйақыға ие болады.
Шымкент барысы- ұлттық ойынды, спортты дәріптейтін сайыс. Ұйымдастырушылардың айтуынша, халық «барысты» көргенде халықтың мәдениетін, ұлттық колоритін көруге тиіс.