Тоқаев Сауда және интеграция министрін қабылдады

Экономика
14.08.2020, 15:50

Президент сыртқы сауда нарығын қалпына келтіруді тапсырды

Тоқаев Сауда және интеграция министрін қабылдады
Фото: akorda.kz

Бақыт Сұлтанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрлік жұмысының нәтижелері жайында, сондай-ақ, сауда саласының 2025 жылға дейінгі даму мүмкіндіктері мен перспективасы туралы баяндады.

«Мемлекет басшысы министрге сауда саласының сыртқы нарықтарға шығуын қалпына келтіру және оны одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Президенттің пікірінше, отандық тауар өндірушілердің экспорттық мүмкіндіктерін қолдау, сондай-ақ, техникалық реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі арқылы ішкі нарықты сапалы әрі қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі», - делінген хабарламада.

Сұхбат

PhotoRoom