6 мыңнан аса тұрғын жұмысқа тартылады

Аймақ
14.08.2020, 13:35

Аймақта 124 жоба жүзеге асырылып жатыр

6 мыңнан аса тұрғын жұмысқа тартылады

Аумағы 426 га жерді құрайтын Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялық аймақтарынан биылғы жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында қазынаға 1,3 млрд теңге салық түскен.

Бұл туралы кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте баяндады.

Оның айтуынша, индустриялды аймақтарда құны 126,7 млрд теңгені құрайтын 124 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 6 мыңнан аса тұрғын жұмысқа тартылады. Оның ішінде 70,9 млрд теңгеге 84 жоба іске қосылып, соның арқасында 4 мыңнан аса жұмыс орны құрылыпты.

Сонымен қатар, осы жылдың 1 тоқсаны бойынша «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялық аймақтарында  6 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп,  экспортқа шыққан өнім құны 1,9 млрд.теңгені құрап отыр.

Тегтер:
Шымкент салық

Сұхбат

PhotoRoom