Биыл бозарықта 49 үй пайдалануға беріледі

Жаңалықтар
11.05.2023, 14:04
Биыл бозарықта 49 үй пайдалануға беріледі

Ағымдағы жылы 3 мыңнан аса отбасы су жаңа пәтердің иесі атанады. Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Баимбетов баспасөз брифингінде мәлімдеді. Бас құрылысшының айтуынша биыл 124 жобаны іске асыруға 123 миллиард теңге бөлінген. Ол қандай жобалар екенін тілші толықтырып айтсын.

2023 жылы құрылыс басқармасы 123,4 миллиард теңгенің 124 жобасын іске асыруды жоспарлап отыр екен. Оның 74-інің құрылысы басталып кетіпті.

2023 жылы 7 білім нысандарының құрылысы жүрігізілетін болады. Одан бөлек конгресс-холл нысаны мен 4 спорт нысандарының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар ағымдағы жылы қаламыздағы  3 төтенше жағдайлар нысанның құрылысы  қарқынды жүргізіледі және 2 саябақ пен денсаулық сақтау нысанының құрылысын аяқтау жоспарда бар екен.

Айта кету керек, 2023 жылдың қорытындысымен 230,1 мың шаршы метр құрайтын 3072 пәтерлі 67 тұрғын үйді (кредиттік-38, арендалық-29) пайдалануға беру жоспарланған. Ал бозарық ш/а 49 үй (1960 пәтер, 146,6 мың шаршы) қыркүйек – қазан айларында пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

Сұхбат

PhotoRoom