«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы уақытша қамауға алынды

Жаңалықтар
14.08.2020, 18:52

Агенттіктің хабарлауынша, ол өкілеттігін теріс пайдаланған

«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы уақытша қамауға алынды
фото: sk-pharmacy.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төтенше жағдай кезінде медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша «СК-Фармация» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы ұсталып, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлайды.

«14 тамызда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - делінген агенттік хабарламасында.

Еске сала кетейік, 12 шілдеде «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып Ерхат Есқалиев тағайындалды. Оған дейін компанияны Берік Шәріп басқарды. Берік Шәріп «СҚ-Фармация» ЖШС-ы басқарма төрағасы болып 24 сәуірде тағайындалды, оған дейін «СҚ-Фармация» басшысының міндетін атқарушы болды. 

Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, "СҚ-Фармация" ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Берік Шәріп екі ай бойы қамауда болады. 

"Нұр-Сұлтан мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Берік Шәріпке қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.

Тегтер:
СК-Фармация

Сұхбат

PhotoRoom