Ертең, яғни 12 мамыр күні сирена қосылады. Дабыл қағылған тұста, қажетті құжаттарыңызды алып, егде кісілер мен балалардың сыртқа шығуына жағдай жасаңыздар! Дүрлігуге себеп жоқ, бұл жай ғана «Жалпықалалық сейсмикалық жаттығудың» сценарийі. Қала әкімі осындай қаулы шығарған болатын. Әкімдік Қала тұрғындарын оқу жаттығуға белсенді қатысуға шақырады. Процесс барысында дүрбелеңге салынбай, қауіпті аймақтан алыс кетіңіз. Қауіпсіз аймақтарды анықтап алыңыз.