Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды

Жаңалықтар
16.08.2020, 16:23

Ол Лондон қаласында көз жұмды

Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі, Рахат Әлиевтің ұлы Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды.

«Айсұлтан Назарбаев 16 тамызға қараған түні Лондонда көз жұмды. Өлім себебі анықталып жатыр. Алдын ала дерек бойынша, оның жүрегі тоқтап қалған. Қосымша ақпарат әлі белгісіз», - деп жазылған ақпаратта.

Айсұлтан Назарбаев - Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Ол 1990 жылы 26 тамызда дүниеге келген.

Айсұлтан Назарбаев Сандхерсттегі Британ корольдік әскери академиясын (2009-2010) және КИМЭП университетінің магистратурасын "бизнес-әкімшілік" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде Бас барлау басқармасында қызмет еткен. Футболмен айналысқан, бірнеше қазақстандық және шетелдік клубта, соның ішінде "Портсмута" жасөспірімдер командасында өнер көрсеткен.

ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдарымен және Ұлттық қауымдастықтармен байланыс жөніндегі Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті болған.

Сұхбат

PhotoRoom