Шымкентте көпқабатты үйлердің жер сілкінісіне төзімділігі тексерілді

Жаңалықтар
12.05.2023, 14:15
Шымкентте көпқабатты үйлердің жер сілкінісіне төзімділігі тексерілді

Шымкент қаласында 7 балдық жер сілкінісі орын алды. Дабыл қағылып, барлық жауапты құрылым аяқтан тік тұрды. Төтеншеліктер дүмпу салдарынан зардап шеккен аудандарға аттанып, тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшірді. Ал қала сыртындағы жаңа Иппадромда 200 шатыр тігіліп, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Сайып келгенде мұның барлығы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жылда өткізетін жалпықалалық сейсможаттығу шарасының сценариі еді.  


Нұрлан Пайзов

тілші
- Шымкент қаласы таулы өңірде орналасқандықтан шаһар сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады. Осы орайда төтеншеліктер айтып келмейтін апаттың алдын алу мақсатында жалпықалалық сейсможаттығу шарасын өткізіп жатыр. Арнайы сценари барысында жүретін іс-шарада 7 балдық жер сілкінісі кезінде төтеншеліктер мен тұрғындардың міндеттері түсіндірілді.  

Үйдегі аспалы шамның теңселуі ғимараттарда сызат пайда болып, кейбірінің қирауы, электр желілерінің үзіліп, газ құбырының жарылуы зілзала зардаптарының бір көрінісі ғана. Апатты жағдай орын ала қалса мұндай көрініске дайын болу керек дейді жауаптылар. Сол мақсатта төтеншеліктер жылда жалпықалалық сейсможаттығу шарасын ұйымдастырып тұрады.

Жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу кезінде төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды жер сілкінісі кезінде эвакуациялау жолы, қауіпсіз жерлерді алдын-ала анықтау жайын түсіндірді. Бүгінгі шарада эвакуациялық аймақ деп қала сыртындағы жаңа атшабарды белгілеген. Онда 200 шатыр тігіліп, медициналық көмек көрсетуге жағдай жасалыпты.

Биыл өзге аймақтарда орын алған дүмпу салдарын Шымкенттіктер 3-4 балдық жер сілкінісін сезінген еді. Жыл басынан мұндай жағдайдың бесеуі тіркеліпті. Ал үшінші мегаполистегі көпқабатты тұрғын үйлердің 60 пайызы ескірген. Осыны ескерсек, табиғи апат орын алса жағдай қалай боларын пайымдай беріңіз.  Сондықтан шаһардағы үйлерге сейсмикалық аудит жүргізу керек дейді шаһар басышсы Мұрат Әйтенов.

Жауаптылар биыл шаһарда 7 және одан да көп балдық жер сілкінісі болмайды деп ескертеді. Сондықтан сейсмикалық оқу-жаттығу жер сілкінісі болады дегенді білдірмейді. Айта өтейік, еліміздің таулы аймақтарында жыл сайын 200-ге жуық әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі орын алып тұрады.

Сұхбат

PhotoRoom