Дариға Назарбаева ұлының қазасына қатысты пікір білдірді

Жаңалықтар
16.08.2020, 21:36

Айсұлтан Назарбаев Лондон қаласында қайтыс болды

Дариға Назарбаева ұлының қазасына қатысты пікір білдірді
Фото: parlam.kz

Бұрынғы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева ұлы Айсұлтан Назарбаевтың қазасына қатысты халықтан түсіністік танытуды сұрады, деп хабарлайды Нұрсұлтан Назарбаев қорының баспасөз қызметі.

«Біздің отбасымыз сүйікті Айсұлтанымыздың дүниеден озғанына байланысты сарыла қайғыруда. Осы қаралы кезеңде халайық бұл орны толмас қазаға қатысты түсіністік пен әдептілік танытады деп сенеміз», - делінген хабарламада.

Айсұлтан Назарбаев 16 тамызға қараған түні Лондонда көз жұмды. Өлім себебі анықталып жатыр. Алдын ала дерек бойынша, оның жүрегі тоқтап қалған. Қосымша ақпарат әлі белгісіз.

Айсұлтан Назарбаев 1990 жылы 26 тамызда дүниеге келген.

Сұхбат

PhotoRoom