Бәйге чемпионатының іріктеу жарысы өтті

Жаңалықтар
15.05.2023, 14:22
Бәйге чемпионатының іріктеу жарысы өтті

«Шағала, Ұлытау, Қыран». Дәл осы тұлпарлар бәйгеде бірінші келді. Демалыс күндері Шымкентте Қазақстан Республикасы Бәйге чемпионатының іріктеу сайысы өтті. Жаңа атшабарда ұйымдастырылған жарысқа қатысуға еліміздің түкпір-түкпірінен 65 өтініш түскен.


 Қазақтың ұлттық спорт түрі - бәйге кейінгі уақытта Шымкент шаһарында қарқынды дамып келеді. Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан Шымкент әкімі елімізде атбегілік пен шабандоздықпен 20 мыңға жуық адам айналысатынын айтты. Заманауи атшабар ұлттық спортымыздың одан әрі дамуына ықпал ететінін жеткізді.

 Құнан бәйге, Топ бәйге, Аламан бәйгеде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар жарысты. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев ұлттық спортты – Олимпиада деңгейіне жеткізу міндеті тұрғанын айтты.

Ал «Бәйге» Республикалық федерациясының президенті  «Ұлттық ат спортын дамыту -   біздің ұлттық ерекшелігімізді көрсететін, өткеніміз бен бүгінімізді байланыстырып тұрған белгілердің бірі», - деді.

Қанат Көпбаев – «Бәйге» Республикалық федерациясының президенті  2697: 00,04-00,15; 01,16-01,37

 Құнан бәйге жарысының жүлде қоры 4 700 000 теңге болды. I орынды Шағала атты жүйрік иеленді. Шымкенттік  11 жасар шабандоз Абзал Қайсар екі жылдан бері аттан түспей дайындалған. Ол бәйгеде бірінші келуінің сырын да бөлісті.

 Ал  Топ бәйгенің жүлде қоры - 7 100 000 теңге. Бұл жарыста шабандоз Исламнұр Ертөс мінген Ұлытау атты сәйгүліктің шашасына шаң жұқпады. Аламан бәйгеде I орын Қыран атты жүйрікке бұйырды. Шабандозы  бәйгенің бас жүлдесі - 5 000 000 теңгені иеленді. Сондай-ақ, бәйге жарысында Алау, Әлия Голд, Ақбастау, Айторы, Қасқара, Фантастика, Сұңқар, Нұргелді,  Бақторы, Ажар, Шапал,  Ботакөз атты жүйріктер де  алдыңғы орындардан көрінді.

Шымкент қалалық әкімдігінің қолдауымен «Бәйге Федерациясы» Республикалық бірлестігі ұйымдастырған жарыс аясында көрермендер ұлттық костюмдер байқауын тамашалады. Ұлттық спорт жамбы ату мен теңге ілуден де арнайы қойылымдар көрді.   

Жарыс кезінде Серіктестердің атынан көрермендер арасында лотереялар ойнатылды. Ұлттық ойындар ұйымдастырылып, эстрада жұлдыздары ән де шырқады. Оңтүстіктік жұрты демалыста ат спорт түрлерін тамашалап, серігіп қалды.

Сұхбат

PhotoRoom