Шымкентте 200-ші бүйрек ауыстыру отасы сәтті аяқталды

Жаңалықтар
16.05.2023, 14:25
Шымкентте 200-ші бүйрек ауыстыру отасы сәтті аяқталды

Шымкенттегі №1 қалалық ауруханасының трансплантолог дәрігерлері 200-ші бүйрек ауыстыру отасын сәтті аяқтады. Әдетте, 7-8 сағатқа созылатын бүйрек трансплантатциясы, бұл жолы 3-4 сағатта жасалған. Науқастың бүгіндегі жағдайы қалай? Әріптесім Гүлнара Асқарқызы біліп қайтқан еді. Сюжет көрейік.

Бет жүзін камераға көрсетпеуді өтінген науқас 6 жылдан бері бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрған екен. Соңғы 8 айда гемодиализ аппаратына таңылған ол, туыстық донар арқылы бүйрек трансплантатциясын жасатуға бел байлағанын айтады. Бірден іске кіріскен №1 қалалық ауруханасының трансплантолог дәрігерлері 3-4 сағатта отаны сәтті аяқтаған. Науқас қазір өзін жақсы сезінеді.

 Бұл Шымкенттегі №1 қалалық ауруханасында жасалған 200-ші бүйрек трансплантатциясы. 10 жылдың ішінде айтарлықтай тәжірибе жинақтаған дәрігерлер 32 бауыр ауыстыру отасын жасаған.

Алдағы уақытта, трансплантолог дәрігерлер жүрек, асқазан асты безіне және өзге де трансплантацияларды жасауға дайын екендерін айтады. Оған аурухананың мүмкіншіліктері жеткілікті көрінеді. Алайда, донор тапшылығы кедергі келтіруде.  Бүгінде Шымкент қаласы бойынша 1000 жуық жан бүйрек жетіспеушілігімен тіркеуде тұр екен.

Сұхбат

PhotoRoom