Футболдан ел кубогінің ширек финалдық ойындары басталды

Жаңалықтар
18.05.2023, 14:33
Футболдан ел кубогінің ширек финалдық ойындары басталды

Футболдан  Ел  Кубогінің 1/4 финалдық  ойындарының  бірінші кезең   кездесулері  өтті. Шымкенттің «Ордабасы»  командасы  өз  алаңында  «Қызылжар»  командасын  қабылдап, 2:0 есебімен  ұтты.

 «Ордабасы»  командасының жарқын  жетістіктері  өткен  жылдың Қазақстан Кубогін  жеңіп алуы  үшін  тағы  да  биыл футбол  маусымында  бар  күш-жігерлерін  көрсетуде. Петропавлдің «Қызылжар»  командасы қазір  Ел  чемпионатында  турнир  кестесінің  көшін  бастап келеді. Қазақстандық  футбол  маманы Али  Алиев  бастайтын  қызылжарлықтар    қарсыласы  ордабасылықтардан  тиісті  ұпайларын  алып  кету  үшін күресті. Тіпті,  себелеп жауған  жаңбыр  да  оларға  көмектесе  алмады. 15  мыңнан  астам  жанкүйерлері  жиналған  жергілікті  ойыншыларға керемет  күш  сыйлап,  қолдау  көрсетті. Алғашқы таймда  Ордабасы  командасы  толық басымдылыққа  ие  болған сәтте қызылжарлықтар  да  осал  команда  емес  екендігін  көрсетті. Қақпашы Сейсен  Мұхамеджан  қорғаған  қақпаға  лап  берген   қарсыластар  ойын  барысында  бұл  кездесу  үшін барын  салды. Жауапты  мачты  тамашалап  отырған Қазақстан  Республикасының футбол  федерациясының  Президенті Әділет Барменқұлов пен  Шымкент  қаласының  әкімі Мұрат  Әйтенов  те футболшыларымызға  зор  қошамет  көрсетті. Тіпті, бокстан  әлем  чемпионы  атанған    жерлесіміз  Сабырхан  Махмұдттың  өзі  де  Ташкентте  жеңіп  алған  алтын  белбеумен  жігіттерді  жеңіске  бастады. Осыны  сезінген  Ордабасының  ойыншылары  алғаш  болып  есеп  ашты. Ойынның 74-ші  митунда  беларустық Всеволод Садовский  қорғаушылардың  осал  жерін  тауып,  гол  соқты. Есеп 1-0.Мұнан  соң қызылжарлықтар  есепті  теңістіру  үшін  алаңға  лап  қойды. Сол  сәтте  ойын  ережесін  бұзылды. Шымкенттік  команданың  капитаны Асхат  Тағыберген  айып  соққысын  үздік  орындап,  оның  тепкен жойқын  соққысы  қақпаның  торында  тулап  жатты. Есеп 2:0. Ойынның  үзіліс  сәтінде  әйелдер  арасында  Қазақстанның  Кубогін  жеңіп  алған  Шымкенттің «Шымкент-биік»  командасына жеңіс  Кубогі  табыс  етілді. Оны   еліміздің  футбол  федерациясының  президенті  Әділет  Барманқұлов пен  мегаполис  қаламыздың  әкімі Мұрат  Әйтенов  Ел  Кубогінің  талантты  ойыншы,  команда  капитаны  Мадина Жаңатаеваға  табыстады.

 Ендігі  жерде  шымкенттік  футболшы  қыздар  Еуропаның  чемпиондар  лигасында  өнер  көрсетеді.  Енді  қарымта  матч 7 маусым  күні өтеді.Біз үшін тең ойынның өзі жеткілікті

Сұхбат

PhotoRoom