Қазақстанда коронавирус жұқтырған 400-ден астам науқастың жағдайы нашар

Жаңалықтар
17.08.2020, 13:34

72 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 400-ден астам науқастың жағдайы нашар
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирусты инфекция жұқтырған 400-ден астам науқастың жағдайы нашар, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Жалпы науқастардың арасында 406 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 103 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 72 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 18 841 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 99 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 279 науқас жатыр. 15 562 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Тегтер:
коронавирус

Сұхбат

PhotoRoom