Шымкенттегі «Жас ұлан» мектебінде батырға бюст орнатылды

Жаңалықтар
19.05.2023, 14:37
Шымкенттегі «Жас ұлан» мектебінде батырға бюст орнатылды

Кеңес Одағының батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінде бюстінің ашылуы рәсімі өткізілді.  Ескерткіш мектеп түлегі 35 гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасы командирінің орынбасары, гвардия подполковнигі Хаиыров Сәндібек Ғалымоллаұлының туған күніне  орай орнатылды. Салтанатты рәсімге қатысушылар батырдың рухына тағзым етіп, оның мектеп кезін еске алды.

 Бюстті салтанатты түрде Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің бастығы полковник Пернехан Орынбеков пен Сәндібек Хаировты үлкен өмір жолына шығарып салған сынып жетекшісі  Сейдинова Нуржамал ашты. Сәндібек Ғалымоллаұлы 1996-1999 жылдары осы мектепті бітірген соң, жоғарғы әскери оқу орнына түскен. Әскери қызметін взвод командирінен бригада командирінің орынбасарына дейінгі лауазымдарын атқарған. 2022 жылы болған қаңтар оқиғасында өзінің жауынгерлік міндеттерін орындау барысында ерлікпен қаза тапқан. Бюстті жасауға мектеп түлектері, сондай-ақ, осы мектептің түлегі Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов атсалысты. Салтанатты шара мектеп түлектерінің жыр-шашуымен жалғасын тапты.

Сұхбат

PhotoRoom