Сайрамдағы ауыз су жүйесінің құрылысы жыл соңында аяқталады

Жаңалықтар
22.05.2023, 14:45
Сайрамдағы ауыз су жүйесінің құрылысы жыл соңында аяқталады

Еліміздегі үшінші мегаполисті таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 9 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олар Қайнарбұлақ, Құрсай, Сайрам шағын аудандары мен Шымситидегі суаққы және ВС-1-дегі қайта құру жұмыстары. Сонымен қатар, Бозарықтың жаңа құрылысы мен гидрогеологиялық жұмыстар.  Биыл 3 елді мекендегі құрылысты аяқтау жоспарланса, 4 нысандағы жұмыстаркелесі жылдың еншісіне қалдырылып отыр.
 Бүгінгі таңда Шымкенттегі 81 елді мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал, қалған 3 елді мекен тірішілік нәрін кестемен тұтынуда. Олар Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алабтары. Сайрамдағы ауыз су жүйесінің құрылысы өткен жылы басталып, ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда, жер қазу жұмыстары қызу жүріп жатыр.  

Сайрамдықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 96 шақырым ішкі орамдық жүйе тартылады деп жоспарланған. Нәтижесінде, 3 мыңға жуық үй қамтылмақ. Бүгінде 2 және 4 учаскелерде 70 пайыз жұмыс аяқталған. Жалпы, Сайрам шағын ауданы бойынша 1,2 кезектегі құрылыс 5 учаскеге бөлінген.  

Мұндағы, құрылыстың аяқталу мерзімі жылдың соңын меңзейді. Сондай-ақ, Сайрам тұрғын алабында 3 кезең жұмыстары осы жылы басталып, келесі жылы аяқталады деп күтілуде. Қазіргі таңда, мердігер мекеме  анықталып, құрылысты бастау үшін құжаттарын дайындап жатыр екен.

Сұхбат

PhotoRoom